Ғалымдар Юграда алғаш рет топтасқан мамонттардың қаңқалары жатқан жерді тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Ханты-Мансийск автономдық округі - Юграда алғаш рет мамонттардың сүйектері көптеп жатқан жерді анықтады. Бұл жаңалық Октябрь ауданында экспедиция кезінде жасалды, деп хабарлады бүгін аймақтық табиғат және адам мұражайының баспасөз қызметінен.
None
None

«Жүндес мамонттардың 11 дарасының сүйектері табылды. Экспедицияның қорытындылары бойынша, мұражай жинақтамасына 500-ден астам экспонат қосылған», - деді баспасөз қызметінен.

Табылған сүйектердің көбі - мамонттардыкі, арасында солтүстік марал мен жүндес мүйізтұмсықтың сүйектері де болған.

Соңғы жаңалықтар