ҒАЛЫМДАР: Зәйтүн және күнбағыс майлары сәбилердің терісі үшін зиян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зәйтүн және күнбағыс майлары сәбилер терісінің табиғи қорғау қасиеттерін бәсеңдетеді. Ұлыбританиядағы Манчестер Университетінің сарапшылары осындай тоқтамға келді.

ҒАЛЫМДАР: Зәйтүн және күнбағыс майлары сәбилердің терісі үшін зиян

Сәбидің терісіне зәйтүн және күнбағыс майлары жағылғанда бұл инфекциялар мен аллергендердің жұғуына қарсы тұратын бөгетті бәсеңдетеді. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, нәтижесін Аcta Dermato-Venereologica журналында жариялады.

Зерттеу кезінде Saint Mary's Hospital ауруханасының акушерлері 115 перзентті үш топқа бөлді. Бірінші топтағыларға зәйтүн майы, екіншісіндегілерге күнбағыс майы жағылса, үшіншісіне бірі де жағылмады. 28 күн бойы бірінші және екінші топтағы балалар денесінің бір бөлігіне аздап май жағылды.

Осылайша зерттеушілер бірінші және екінші топтағы сәбилерде инфекциялар мен аллергендердің жұғуына қарсы тұру қасиеті үшінші топтағы нәрестелердікіне қарағанда бәсеңдегенін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.