Ғалымдар зертханада алғаш рет адам өкпесін өсіріп шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар зертханада алғаш рет адам өпкесін өсіріп шығарды. Тәжірибеге зерттеушілер трансплантациялау үшін қайтыс болған балалардың жарамсыз, зақымданған өкпелерін пайдаланды.

Ғалымдар зертханада алғаш рет адам өкпесін өсіріп шығарды

Олар ағзалардың бірін дәнекерлейтін тіннің негізін ғана пайдаланып өңдеген. Сосын оған екінші өкпенің жасушалы материалымен жамап, одан әрі оны нәрлі ерітіндіге салған. Шамамен бір айдан кейін ғалымдар жасушалардың көбейіп жатқандығын байқаған, кейіннен ағза қалыпты мөлшерге дейін өскен, деп хабарлады Росбалт.