Ғалымдар: Жағымды түсті қолдан жасауға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзманның мәлімдеуінше, тамаша түс көру үшін жағдай жасауға болады және адам жақсы түстен кейін жігерленіп оянады. 2010 жылы iPhone - Dream:ON қосымшасын құру бойынша профессор YUZA компаниясымен бірлесе жұмыс істеуге кіріскен екен.
Аталған қосымша арнайы дыбыстық композицияларды ойната отырып, адамның ұйқыдағы жағдайын байқай алады. Әр композиция жағымды түсті шақыруға арналып іріктелінген. Мысалы, әуенді тыңдаған кезде адамның түсіне ормандағы серуен немесе жағалаудағы демалыс енеді. Осы жағымды көріністің барлығы оятқыш іске қосылған кезде үзіледі. Бұл қосымша бүгінде 500000 мәрте орнатылған көрінеді. Сонымен қатар, адамдардың көрген түстері бойынша миллиондаған есептер жинақталды.
Осы ақпаратты талдағаннан кейін сарапшы тиісті қорытынды шығарды: кейбір әуендер шынымен де адамдардың түсіне әсер еткен. Мәселен, «табиғат композициялары» гүлдер мен өсімдіктері бар түстердің мүмкіндігін арттырса, ал «жағалау композициялары» күн мен жағалаудағы серуендер жайында түстерді шақырған.
Жалпы алғанда, жақсы түстер адамдың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына және күнделікті жұмыстарды тиімді еңсеруге мүмкіндік туғызды, деп жазады meddaily.