Ғалымдар: жалғыздықта адамдар ойға берілмей, әрекет еткенді дұрыс көреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар адамдар жалғыздықта ой тұңғиығына берілмей, әрекет еткенді жөн санайтынын анықтады, делінген Science ғылыми журналында жарияланған мақалада.
Мұндай тұжырымға зерттеушілер 17-77 жас аралығындағы ер адамдар мен әйелдер қатысқан жүргізілген тәжірибе барысындағы нәтижелерді зерделей отырып келді.
Ғалымдар адамдар жалғыз бөлмеде ештеңемен айналыспай бос отырғанша, нәтижесінде тоқ соқса да, бірдеңемен айналысқанды жөн санайтынын анықтады. Әсіресе ер адамдар, әйелдердің де ішінде жалғыздықта ойға берілуден қашатындар кездесті.
Атап айтқанда, бос отырғысы келмейтіндердің ішінде ер адамдар 67 пайыз, әйелдер 25 пайыз. Айта кетерлігі, олардың жастары да әр түрлі.