Ғалымдар: жаңғақтарды тамаққа пайдалану бірқатар аурулардан болатын өлім қаупін төмендетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күніне 15 грамға жуық жаңғақтар немесе жержаңғақты тамаққа пайдалану кейбір аурулардан болатын өлім қаупін едәуір төмендетеді, делінген Оксфорд университеті (Ұлыбритания) баспасының баспасөз парақшасында.
«Өлімнің айтарлықтай төмендеуі күніне 15 грамға жуық жаңғақ немесе арахисті (шамамен жарты уыс) пайдаланғаннан кейін байқалғанын атап өту керек. Бұл қорытындыны сондай-ақ бұрын жарияланған зерттеулердің талдауы да растайды», - дейді Нидерландының Маастрихт университетінің қызметкері Пит ван ден Брандт (Piet van den Brandt).
Ван ден Брандт пен оның әріптестері жүргізген зерттеу нейродегенеративтік және респираторлық, обыр және диабетке шалдыққандар арасында жаңғақ пен жержаңғақты үнемі тамаққа пайдаланғандардың арасында өлім аз кездескенін көрсетті, алайда жержаңғақ майы өлім деңгейіне еш тиімділігін тигізбеген.
Жаңғақтар мен жержаңғақтардың құрамында адам денсаулығына оң әсерін тигізе алатын майлы қышқылдар, дәрумендер, тағамдық талшықтар мен басқа да заттар бар. Алайда арахис майында құрамындағы арахистің пайдасын жойып жібере алатын майлы қышқылдардың зиянды транс-изомерлері мен тұз бар, деп шамалайды ғалымдар.
Зерттеу International Journal of Epidemiology журналында жарияланған.