Ғалымдар жасушалардың өлімі механизмін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фландрия биотехнология институты мен Гент университетінің ғалымдары (Бельгия) сенсациялық жаңалық ашты, яғни олар жасушылардың өлуі механизмін анықтады.
Атап айтқанда бұл мәселе көптеген жылдар бойы ғылым әлемінде түсініксіз болған еді.
Осы соңғы зерттеулер көптеген ауруларды (сепсис, инсульт, бүйрек және жүрек аурулары, склероз және басқалары) емдеуде жаңа серпін береді деп күтілуде.
Ғалымдардың мәліметінше, адам ағзасына инфекция түскен кезде жасушаларды жою үдерісі басталады. Жасушалардың өлімі механизмі MLKL ақуыздарымен байланысты. Олар жасушалық мембранада бос аралықтардың қалыптасуына жауап береді.
Жасуша ішіне шамадан тыс суды сорады және осы орайда оның жарылуы орын алады. Нәтижесінде жасуша құрамы оның маңындағы ұлпаларға түседі. Осы арқылы қабыну үдерісі басталады.
Осы механизмнің айқындалуы жасушылардың өліміне тосқауыл қоятын дәрілік препараттарды жасауға жол ашып отыр. Болашақта ол онкологиялық дерттерді де емдеуге мүмкіндік беруі ықтимал, деп жазады Росбалт.