Ғалымдар Жер ядросының екі бөліктен тұратынын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ және Қытай зерттеушілері Nature Geoscience журналында өз жұмысын жариялады. Онда олар Жердің қатты темір ядросы ішкі және сыртқы - екі бөліктен тұрады деген тұжырым жасады.

Ғалымдар Жер ядросының екі бөліктен тұратынын анықтады

Зерттеуге сәйкес тұтастай, ядро темірден тұрады, бұл ретте табылған екі бөліктің әртүрлі кристалды құрылымы мен әртүрлі физикалық-химиялық қасиеті бар. Бұдан бұрын қатты ядро қасиеті бойынша біртекті деп саналған.

Геологтар соңғы уақыттағы барлық ірі жер сілкіністерін зерделеп, өзгерістерді анықтап отырған, бұл ауытқушылық жер қыртысының түрлі қабаты арқылы өтіп, өзгеріске ұшырап отырады, деп хабарлады BBC.

Мамандар олардың жаңалықтары Жердің геологиялық тарихының кезеңдерін зерттеуде тың серпін беруі мүмкін еекендігін айтады.