Ғалымдар: Жердегі оттегінің 50 пайызын теңіз микроағзалары өндіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фитопланктон - әлемдік мұхитта тіршілік етушілердің азық құрамының ажырамас бөлігі ғана емес, біз тыныс алатын оттегін ең басты өндіруші. 3,5 жыл мұхитта болған америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келді. Олардың айтуынша, микроағзалар Жердегі оттегінің 50 пайызын өндіреді.
Бұл туралы rosbalt.ru жазады.
Осы уақыт арасында энтузиасттар жердің 210-нан астам түрлі жерінің планктонының 35 мыңнан астам үлгілерін зерделеді. Science журналында жарияланған тұжырымға сәйкес, фотосинтез арқасында теңіз микроағзалары атмосферадан көмір қышқыл газы мен жанғыш өнімдерді жояды екен. Бұдан басқа, жердегі планктонның генетикалық түрі біз ойлағаннан да көп болып шықты. Олардың мұнша көп болуы паразит вирустар туындатқан өзгерістерге байланысты.
Аризон Университетінің мұхиттанушысы Дженифер Брумның айтуынша, бір стақан теңіз суында шамамен 200 млн. вирус бар екен. Олардың көбі осы стақанда болатын 20 миллиондай бактерияға жұғатын көрінеді.