02:05, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Ғалымдар: Жоғары кернеулі электр желілері жануарларға кері әсер етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі жануарлардың барлығы электр энергиясын тарататын жоғары вольтты желілерден алыс жүруге тырысады. Бұл туралы «Conservation Biology» басылымында жарияланған ғылыми зерттеуде хабарланды.
Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұған электр бағандарынан таралатын ультракүлгін сәулелер мен кернеулер себеп болуда. Энергияның бұл құбылыстары адамдарға байқалмаса да, жануарлардың көбіне кері әсер етеді. Зерттеушілердің пайымынша, электр желілерінен таралатын энергия кейбір жануарлардың көші-қон жолын бұзуға қауқарлы. Ғалымдар осы орайда жануарлар әлеміне залалды барынша төмендету мақсатында бұл мәселені энергиялық компаниялармен талқылауға ниетті.