Ғалымдар: Жүгіру көру қабілетін жақсартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың пікірінше, жүгіргеннен адамның көз жанары сауығып кетуі мүмкін, деп жазады «Вести.ру».
Бірнеше жыл тышқандарға тәжірибе жасаған Калифорния университетінің нейробиолог ғалымдары Нилл және Майкл Страйкер жүгіру көз ауруының созылмалы түрлеріне де пайдалы дейді.
Зерттеулер нәтижесі бойынша, жүгіргенде көру қабілетіне жауап беретін мидың бөлшектеріне физикалық салмақ түсіп, барынша жедел ақпарат береді. Бұл көруді күшейтетін нейрондар реакциясын екі еселейтін көрінеді.
Ғалымдар аталған тәжірибені тышқандарға сынап көргенімен, адамдарға әлі қолданбаған екен.