Ғалымдар жүргізушілер үшін ең қауіпті жасты анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уэйн (АҚШ) университетінің қызметкерлері жүргізушілер үшін ең қауіпті жасты анықтады.
Мамандар 18-59 жас аралығындағы жүргізушілерге бірнеше эксперимент жүргізді. Нәтижесінде 45-59 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер жол қозғалысы қағидасын көбірек бұзған. Олар әрі жолда абайламай жүретін, ашушаң болған.
Ең тәртіпті сақтайтындар 18-24 жас аралығындағы жүргізушілер.
Зерттеу барысында апат көбінесе жүргізушінің абайсыздығынан болатыны анықталды.