Ғалымдардың пайымдауынша, жүгері жаһандық жылымықпен күресуге көмектеседі

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Фермерлер күн сәулесін қайтаратын дәнді дақылдар өсіріп, жаһандық жылымықпен күресуге үлес қоса алады екен. Бұл туралы Current Biology журналында өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялаған Бристоль университетінің биологтары мәлім етіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-сиге сілтеме жасап. «Біз дәнді дақылдардың түрлері күн энергиясын әрқалай қайтара алатынын анықтап отырмыз. Сәуле қаншалықты тойтарылса, ауа температурасы соншалықты аздау болады», - дейді зерттеу тобының жетекшісі Энди Риджвелл. Ғалымдар спутник мәліметтерін пайдалана отырып, Еуропа мен Солтүстік Американың кейбір аудандарында өсетін жүгері мен бидайдың ғаламшар температурасын 1/10 градусқа салқындата алатынын есептеп шығарған. Дегенмен, ғалымдар жердің басқа бөліктерінде мұндай әсерге қол жеткізудің екіталай екенін жоққа шығармай отыр, себебі бұлттар кедергі келтіреді екен.
Соңғы жаңалықтар