Ғалымдардың жүрек ауруына байланысты болжамы теріске шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жүректің созылмалы ишемиялық дертіне шалдыққан 38 мың адамды зерттеді. Зерттеу барысында мамандар ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарын салыстырды.
Олар зерттеу кезінде ауыл тұрғындарының жүрек ауруынан қайтыс болу қаупі жоғары болар деп болжаған болатын. Себебі ауылды жерлерде медициналық көмектің сапасы қалаға қарағанда төмен.
Алайда бұл зерттеу қорытындысында ғалымдардың бұл болжамы теріске шықты. Ауруханадан емделіп шыққан аурудың жағдайы тұрғылықты жеріне қарамастан бірдей болып шықты. Ауылда көптеген медицина мамандары мен дәрі-дәрмек тапшы болса да, көрсетілген қызмет сапасы қаладан кем емес. Айта кетейік, жыл сайын жүрек ауруы салдарынан 4 млн.-ға жуық адам көз жұмады, деп жазады шетелдік БАҚ.