Ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакеті әзірленіп жатыр – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Редакциямыздың ресми сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакеті пысықталып жатқанын мәлім етті.

«Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдармен жетекші ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакетін пысықтау көзделген. Осыған байланысты «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакеті пысықталуда», – делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар ведомстводан мәлімденгендей, қазір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер және ғылыми қызметкерлерге мемлекеттік бюджеттен есебінен төленетін қосымша ақы сомасын ұлғайту бойынша жұмыс жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар