Ғалымжан Мелдешев Қазақ радиосының директоры болып тағайындалды

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Жанай Омаровтың бұйрығымен Ғалымжан Мелдешев Қазақ радиосының директоры болып тағайындалды.
None
None

Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Ғалымжан Мелдешев С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1986 жылы бітірген.

Әр жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Түркістан» газеттерінде қызмет атқарды.

Қазақстан Жастар одағының  Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері.

Соңғы жаңалықтар