Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме неге өзгеріссіз қалғанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме неге өзгеріссіз қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім кезекті болжамдық раундты өткізумен біргеқабылданды. Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын жаңартумен қатар инфляция тәуекелдерінің балансын да бағаладық. Қабылданған шешім елдегі инфляциялық процестерді баялатуға, орта мерзімді перспективада инфляцияны тұрақтандыруға және нысаналы мәндерге дейін төмендетуге ықпал етеді», - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Оның айтуынша, қаңтар айында инфляцияның артуына ең әуелі азы-түлік бағасы қатты әсер еткен.

«Қабылданған шешімнің бірінші факторы – қазіргі және күтілетін инфляция динамикасы. 2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляция, біз күткендей, өсуін жалғастырып, 20,7%-ды құрады. 25,7%-ға дейін жеделдеген азық-түлік өнімдері бағасының өсуі инфляцияға ең көп үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 20,2%-ға, қызметтер бағасының өсуі – 14,2%-ға дейін жеделдеді.

Айлық инфляция биылғы қаңтарда 1,1%-ды құрап, төрт ай қатарынан баяулауын жалғастырды. Айлық инфляция төмендегеніне қарамастан, орташа тарихи мәндерден жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Базалық инфляция әртүрлі бағалауларға сәйкес баяулағанына қарамастан, экономикада жоғары инфляциялық ортаның сақталуын көрсетті», - деді Ғалымжан Пірматов.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар