Гамбургте мұсылмандарға ескерткіш қойылды
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында неонацизмнің құрбаны болған боздақтарға ескірткіш қойылды. Yeni Şafak газеті хабарлағандай, еңселі ескерткіш неонацистік андеграунд деп аталатын топ мүшелерінің қолынан қаза тапқан 10 адамның құрметіне қойылған.
muslim.kz сайтының жазуынша, Қаза тапқандардың сегізі Түркиядан қоныс аударған мұсылмандар болатын. Граниттен қашалған, биіктігі 70 см-лік ескерткіш Шутцен көшесіндегі №39 үй маңындағы жеміс-жидек дүкенінің алдына қойылды. Сол маңда осы дүкеннің иесі Сүлеймен Ташкопрюді 2011 жылы неонацистер аяусыз азаптап өлтірген болатын.
Гранитте Түркиядан қоныс аударып, неонацистердің қолынан қаза тапқан өзгелердің де есімі қашалып жазылған. Олардың бәрі Еуропа қоғамына «тастай батып, судай сіңген» Германия қалаларының тұрғындары. Сондай-ақ, ескерткіштен түрік мигранттарын қылмыс кезінде қорғаймын деп қаза тапқан неміс тәртіп сақшысы Мишел Кайзеветтердің де аты-жөнін кезіктіруге болады. Неміс қоғамы нәсілдік кемсітушілікке қарсы екенін осындай ізгі амалымен дәлелдеді, деп жазады umma.ua.