Гамбургте полиция мен шерушілердің арасында қақтығыс болды

АСТАНА. Қыркүйектің 13-інде ҚазАқпарат - Гамбургте екінші түн қатарынан радикалдық топтардан шыққан жастар мен полиция арасында қақтығыстар өтуде. Солшыл партиялар ұйымдастырған көшедегі мереке тәртіпсіздіктерге ұласты,

Гамбургте полиция мен шерушілердің арасында қақтығыс болды

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Гамбург полициясы өкілінің хабарлауынша, өткен түнде жас адамдар маңайдағы полиция учаскесіне шабуыл жасап, полицейлерге тастар мен бөтелкелерді лақтырған.

Шабуылшылар сондай-ақ баррикада жасап, дүкендердің әйнектерін сындырған. Компьютер сататын дүкен тоналған. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, ойранға бірнеше жүздеген адам қатысқан. Бұзақыларды қуып тарату үшін полицейлер су атқылап, бірнеше адамды ұстады.

Қыркүйектің 11-інен 12-сіне қараған түні Гамбургте тәртіпсіздіктер орын алды. Онда Ұлттық-демократиялық оңшыл радикалды партияның митингісіне қатысушылар солшыл радикалдармен қақтығысты. Шерушілермен қақтығыс кезінде 12 полицей жараланды, 60 адам ұсталды.