Гамбургте Путин, Меркель және Макронның кездесуі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте Atlantic отелінде РФ президенті Владимир Путин, ГФР канцлері Ангела Меркель және   Франция президенті Эмманюэль Макронның кездесуі басталды, деп хабарлады  ТАСС.
None
None

РФ  президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұдан бұрын журналистерге    Ресей, Франция және Германия көшбасшылары   ең әуелі Украиндық мәселені реттеу тақырыбын талқылайтынын айтқан. «Нормандтық төрттік»  қатысушылары   Украина өкілінсіз үшеуі  әңгімелеседі, себебі бұл мемлекет   «жиырмалыққа» кірмейді және G20 ағымдағы саммитіне арнайы шақыртылғандардың ішінде жоқ.

Украина мәселесі Гамбург саммиті аясында бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Атап айтқанда, ол Путиннің АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөзінде де талқыланды. РФ ІІМ басшысы Сергей Лавров журналистерге америкалық тарап Украина бойынша өзінің арнайы өкілі Курт Волкерді  тағайындайтыны жайлы хабарлаған. Ол таяуда Мәскеуге келмек.

Лавровтың айтуынша,  «Байланыстық топта және «нормандтық форматта» айтылған әлеуетке сүйене отырып»,  Минск уағдаластығы негізінде реттеуді жылжыту үшін «РФ өкілі мен АҚШ өкілі арасында  арна құру болжанды».

Соңғы жаңалықтар