«Gan Bei» мейрамханасы - Батыс пен Шығыс үйлескен жанға жайлы гавань
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құпияға толы Шығыстың батыстық жайлылықпен үйлескен атмосферасынан ләззат алып, паназиялық асхананың тілі дәм үйіретін тағамдарын қаласаңыз, онда елорданың дәл ортасында орналасқан «Gan Bei» мейрамханасына бас сұққаныңыз жөн.
Бұл мейрамхана бір-біріне мүлдем кереғар екі мәдениетті тамаша үйлестіре білген көпір десек те артық айтқандық емес. Ас мәзірі де түрлі тағам түрлеріне өте бай. Келген меймандарға отандық табиғи өнімдермен қатар Тайланд, Корея, Жапония және Қытай елдерінен жеткізілген түрлі дәмдеуіштер мен теңіз өнімдерінен жасалған ас ұсынылады.
Паназиялық асхана - бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның Корея, Жапония, Вьетнам, Қытай, Филиппин, Үндістан, Малайзия, Тайланд, Сингапур сынды бірқатар елдерінің кулинарлық дәстүрлерінің қоспасы десек те болады. Әр түрлі тағам түрлері тіпті алдына келген асты талғап ішетін нағыз талғампаздың өзін таң қалдыра алады.
«Таяуда ғана ас мәзірін кеңейтіп, оған корей асханасының түрлі тағамдарын қостық. Ерекше тағамдардың қатарында тайлық Том Ям сорпасын атар едім. Мұнан бөлек, корейлік Юкедян, Твендян сынды дәмді сорпаларымыз бар. Жалпы ас мәзірімізде сорпаның 20-дан астам түрлі, көптеген салаттар бар. Көптеген ерекше дәмдеуіштер қосылатын қытай асханасының тағам түрлері де ас мәзірімізде жеткілікті», - деді мейрамхананың шеф-аспазы Анжелина Хан.
Оның айтуынша, мейрамхана келген қонақтарына тек қазақстандықтар ғана үшін арнайы әзірленген бірегей тағамдарды да ұсынады. Мәселен, жылы етінен жасалған стейкке меймандар тарапынан сұраныс жоғары.
«Астаналықтар арасында еттен жасалған тағамдар, мәселен, түрлі әділспен дайындалған сиыр еті, қышқыл-тәтті тұздықты қуырылған тауық еті үлкен сұранысқа ие», - деді Анжелина Хан.
Мейрамхана келіп дәм тататындардың қатарында елордаға жұмыс бабымен немесе саяхаттап келетін шетелдіктердің де қатары мол.
Жапондықтардың гриль-суши-бары да ерекше назар аударуға тұрарлық. Өз ісінің нағыз шебері тунец пен ақсерке балығынан дайындаған суши өте дәмді. Сусындардың да алуан түрі бар. Түрлі көктейлдер мен эксклюзивті лимонад ішіп, денсаулыққа пайдаланы шаймен шөліңізді қандыруыңызға да мүмкіншілік мол.
Осынау дизайны да ерекше бірігей мейрамхананың негізгі залынан бөлек 6 VIP бөлмесі, караоке VIP залы бар. Жылы күндері шағын сарқырамасы мен жапон бағы бар 100 адамға арналған жаздық террасада тамақтануыңызға болады.Кальян жақсы көретіндерге де арнайы жағдай жасалған Музыканы жақсы көретін қауым дәл осы жерде кәсіби музыканттардың өнерін тамашалай да алады. Айта кетерлігі, сейсенбі мен сенбі күндері DJ Ugin кешкі сағат 21-00-ден бастап келген қонақтардың көңілін көтереді.
Мейрамхана Сарайшық көшесі 5г мекен-жайында, «Лазурный Квартал» тұрғын үй кешенінде орналасқан.