Ганада 53 адам ірі жол-көлік апатының құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ганада автобус пен томат тиелген жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 53 адам қаза тапты.
None
None

Гана полициясының ақпаратынша, 23 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлады Би-Би-Си.

Metro Mass Transit мемлекеттік көлік компаниясына тиесілі автобус Кумасиден елдің солтүстігіндегі Тамале қаласына бағыт алған.

Апат сәрсенбі күні кешке орын алған. Жол-көлік апаты туралы бейсенбі белгілі болды. Апаттың орын алу себебі айтылмады, алайда полицияда жүк көлігінің де, автобустың да жүргізушілері жылдамдықты асыруы мүмкін деп отыр.

Ел президенті Джон Махама көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар