Ганада «ЛУКОЙЛ» қызметкерлері мінген тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гана жағалауында «ЛУКОЙЛ» компаниясына қызмет көрсететін тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады РБК.

Ганада «ЛУКОЙЛ»  қызметкерлері мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан.

Жергілікті әскерилердің мәліметтеріне сүйенсек, 1 адам тікұшақ суға құлағаннан кейін із-түсіз жоғалып кеткен. Оны іздестіруге әскери құтқару тобы жұмылдырылды. Қаза болғандардың аты-жөні мен ұлты айтылмады.

Гана азаматтық авиация басқармасының деректері бойынша, апат ұшқан сәтте бірден орын алған. Такоради қаласынан ұшқан тікұшақ «Юбилей» мұнай кен орнына (қор шамамен 1,8 млрд. баррельге жуық) бет алған.

Апат себебі әзірге белгісіз.