Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ганада мәйітхана жұмысшылары жерлеу рәсімі кезінде мүрдені алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ганада мәйітхана жұмысшылары жерлеу рәсіміне келіп, табытта жатқан  ер адамның мүрдесін алып кетті. Себебі, марқұмның туыстары мәйітхана қызметінің ақысын дер кезінде төлемеген.

Ганада мәйітхана жұмысшылары жерлеу рәсімі кезінде мүрдені алып кетті

Видеоға жазылып қалған бұл оқиға Гана астанасы Аккрада болған. Мәйітхананың екі қызметкері жергілікті тұрғындардың бірінің жерлеу рәсіміне келеді. Айналадағы адамдардың қарсылығына қарамастан, марқұмның мүрдесін табыттан шығарып, өздерімен алып кетті, деп хабарлады Daily Mail.

Туыстарының 150 ганалық седи немесе 35 доллар көлеміндегі морг қызметінің ақысын төлемеуі осындай адам айтқысыз жайтқа себеп болды.