Ганада жанармай станциясында болған жарылыстан 150 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Гананың Аккра қаласында жанармай құю станциясында жойқын жарылыс болды. Апат салдарынан 150-ге жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.
Билік оқиғаға байланысты елде үш күн қаралы күн жариялады. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр. Құқыққорғау органдары тергеу жүргізуде.