Ганада жол-көлік апатының салдарынан 30 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Гана Республикасының солтүстігінде жол-көлік апатының салдарынан 30 адам қаза тапты, бірнешеуі жарақат алған, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, екі автобус бірін-бірі басып озбақ болған, алайда соның салдарынан соқтығысқан. Дәрігерлердің мәліметі бойынша 30 адам, оның ішінде екі жүргізуші де бар, оқиға орнында жан тәсілім еткен. Осы апаттан зардап шеккен жолаушылар Тамале қаласының ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар