09:38, 09 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Ганаға Эболаға қарсы жапониялық қорғау құрылғысы жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның әскери әуе күштері Эбола вирусымен күрес үшін Ганаға 20 мың қорғаныс жабдығын жеткізді, деп хабарлады "Газета.Ru".
Қорғаныс жабдығына қорғаныс костюмы мен маска кіреді. Бұл Батыс Африкаға жеткізетін 700 мың жабдықтың бір бөлігі. Сондай-ақ Жапон елі осылайша Либерия, Сьерра-Леоне, Кения және Малиге жәрдемдеспек.
Бұрын хабарланғандай, Батыс Африкада Эбола вирусын жұқтырғандардың саны 17800 адамға дейін жетті.