Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы - жартылай финалда
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Гандболдан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жартылай финалға шығып қойды.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Үндістан (42:17), Кувейт (70:1), Түркіменстан (34:15) және Өзбекстан құрамасын (38:30) жеңді. Алда әлі бір ойын бар. Жапонияға қарсы. Дегенмен, бұл ойынның нәтижесіне қарамастан жартылай финалға шығып қойды, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.