Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

АММАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен жеңілген болатын.

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24 есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.