Ганга өзенінен 100-ден аса адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан билігі елдің солтүстігіндегі Ганг өзенінен 102 мүрде табылуына байланысты тергеу бастады, - деп хабарлады Associated Press.
None
None

Агенттіктің деректеріне сүйенсек, бұл жайтқа қылмыстың еш қатысы жоқ сыңайлы, тек дәстүрге сәйкес жергілікті халық қаза тапқандарды өзенге ағызып жіберіп отырған.

Әдетте Ганг маңында қаза тапқандарға арналып рәсім өткізіледі, алайда марқұм болғандардың барлығын өртей бермейді, дәстүр бойынша тұрмыс құрмаған бойжеткендер мен тақуалардың мәйітін өртемей, өзенге ағызып жіберуге рұқсат бар.

Жергілікті билік жағдайды анықтау үшін ДНК сараптамасын жасауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар