01:41, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
«Gangnam style»-ға пілдер де билеп жүр - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кореялық рэпер PSY-дың «Gangnam Style» әнінің танымал болғандығы соншалықты, оның әуеніне миллиондаған көрермен билеген еді.
Сондай-ақ ол YouTube желісінде көрермендер саны бойынша рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына да енді. PSY-дың танымал әнін естігенде адам түгіл жануарлар да жай тұра алмаған сыңайлы. YouTube желісінде пайда болған пілдердің биі соған айқын дәлел бола алады.