Ғани Қасымов Алматы экологтарымен кездесті

АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Өзінің сайлауалды кампаниясы аясында ҚР президенттігінен кандидат, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов Алматы қаласының экологтарымен кездесті.

Ғани Қасымов Алматы экологтарымен кездесті

Депутат Ғани Қасымов қазақстандық табиғат қорғау қоғамы мен «Қазэкология» Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпарат орталығы" ЖШС өкілдерімен кездесті. Президенттіктен кандидат жиналғандарға өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, көкейкесті экологиялық мәселелерді талқылады.