Ғани Қасымовты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясының хабарламасы
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат Ғани Қасымовты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясының хабарламасын таратады
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 26 ақпандағы №32/56 қаулысының қосымшасы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасы
Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2011 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1950 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі.