«Ганновердің» бұрынғы футболшысы «Астанаға» келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгариялық басылымның хабарлауынша, Чавдар Янков таяу арада елордалық клубтың ойыншысы атануы мүмкін. Болгария құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазақстаннан бүгінде жерлесі Атанас Курдов өнер көрсетіп жүрген «Астана» футбол клубына келу туралы ұсыныс алған, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Янков Болгарияның қазіргі чемпионатында «Славия» құрамында 16 матч өткізіп, төрт гол салған. Футболшы спорттық мансабының басым бөлігін Германияда өткізіп, «Ганновер» мен «Дуйсбург» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы, ол Болгария құрамасы сапында 39 матч өткізген.

Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жаңа ойыншылар қабылданбайтынын және командадағы жеті легионердің орны толық екенін айтқан болатын. Бұған қоса, қазір клуб Қазақстан азаматы атанғысы келетін серб спортшысы Ненад Эричтің азаматтық мәселесін шешіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар