Гарет Саутгейт Англия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қызметінен кетті. Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаттықтырушының келісімшарт мерзімі 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады. Алайда бас бапкер қызметінен өз өтініші бойынша кетіп жатқанын мәлімдеді.
2016 жылдың қыркүйегінде Англияның тізгінін ұстаған Саутгейт құрамамен бірге 102 ойын өткізді.
Таяуда Германияда өткен Еуропа чемпионатының финалында Англия құрамасы Испаниядан 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ойындағы бірінші голды шабуылшы Нико Уильямс салса, Англия құрамасы сапынан Коул Палмер 73-минутта таразы басын теңестірген. Алайда 86-минутта алаңға қосалқы құраманан шыққан Микель Оярсабаль жеңісті голды соқты.
Гарет Саутгейттің Англия құрамасындағы жетістіктері:
2018: ӘЧ / жартылай финал
2019: Ұлттар лигасы / жартылай финал
2020: Еуро / финал
2022: ӘЧ / ширек финал
2024: Еуро / финал