Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыда Қазақ КСР-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты ән кеші өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеш барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов әншінің ерен еңбектері жайында сөз қозғап, шығармашылығына  тоқталып өтті.

«Көрнекті, ерекше әнші Ғарифоллаға 100 жыл толып отыр, сол жүз жыл бойы ұмытылмай келе жатқан әсем ән бар. Біз ғашық болсақ Мұхиттың Айнамкөзін айтамыз, өмірден өткендерге оның Зәурешін ойнап аттандырамыз. Сондықтан Мұхит мектебі бұл қазақ музыка тарихындағы жан-жақты мектеп, соның ғажайып орындаушысы Ғарекең. Әншінің туған жері Жайық өңірінде әншінің 100 жылдығы жақсы өтті. Оған арнап көше аты беріліп, домбыра ұстаған әншінің ескерткіші орнатылды. Сондай-ақ музыка филармониясы ашылып, онда әншінің шәкірттері сабақ береді», деді  ақын, Халықаралық  "Алаш"  сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.Ақұштап Бақтыкереева.

Соңғы жаңалықтар