Гарри Каспаров Хорватия азаматтығын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия билігі ресейлік шахматшы және оппозиционер Гарри Каспаровқа ел азаматтығын ұсынды, деп хабарлады хорваттық ІІМ.
Ведомство мәлімдемесінде бұл шешім Хорватия мүддесіне сай жасалғандығы айтылған. 50 жастағы Каспаров осы елдегі Опатия курорттық қаласында шахматтық академияны ашуды жоспарлап отыр, деп жазады Росбалт. Бұдан бұрын шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров Латвия азаматтығын сұраған еді. Ресейлік оппозиция өкілі, шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров ерекше еңбегі үшін азаматтық алу өтінішімен Латвия Сейміне (Парламент) жолықты. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, сонымен қатар Каспаров ресейлік азаматтықты сақтап қалғысы келетінін алға тартуда. Биылғы маусымда Женевада саяси қайраткер Гарри Каспаров ресейлік билік тарапының қуғынынан қорқып, еліне оралудан бас тартып отырғандығын мәлімдеген болатын.