17:55, 05 Шілде 2009 | GMT +5
Гарри Поттер туралы фильмде ойнаған актер доңыз тұмауына ұшырады
ВАШИНГТОН. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Гарри Поттердің шытырман оқиғалары туралы фильмдерде басты рөлдердің бірі Рона Уислиді сомдаған актер Руперт Гринт А/H1N1 тұмауын жұқтырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.
Жиырма жастағы сырқаттың жеңіл түріне шалдыққан актер бірнеше күн түсірілімге үзіліс жасауға мәжбүр болды. Одан кейін ол «Гарри Поттер және өлім сыйлығы» киноэпопеясының финалдық бөлігіне түсіру алаңына оралды.
Актер өкілінің айтуынша, Гринттің денсаулығы айналасындағыларға қауіп төндірмейді.