01:25, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Гарри Поттер туралы кітаптардың авторы ересектер үшін роман жазбақ
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Гарри Поттердің бастан кешкендері жайлы оқиғалар суреттелген кітаптардың авторы британдық Джоан Роулинг ересек оқырмандар үшін алғашқы ірі шығармасын жазуға кірісті, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Роулинг жаңа кітабын жариялауға Hachette Book Group баспа үйі өкілдерімен келісім-шартқа отырды. Келісім-шартқа сәйкес оның атауы және сюжеті қатаң түрде құпия ұсталмақ.
Жазушының айтуынша, оның жаңа романы жасөспірім сиқыршы туралы кітапқа «мүлдем қарама қарсы» болмақ. «Мен жаңа кітаптың жазылған әрбір бетінен ләззат аламын, ол Гарри Поттер туралы сериядан мүлдем өзгеше», - деді Роулинг.