Гарри Поттердің авторы жаңа кітабының желісін мәлім етті

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Әйгілі балалар фэнтезиі Гарри Поттердің авторы Джоан Роулингтің жаңа романы ойдан шығарылған ағылшындық Пэгворд қаласындағы сайлау туралы болмақ. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды.  

Гарри Поттердің авторы жаңа кітабының желісін мәлім етті

«Бос орын» ("The Casual Vacancy") деп аталған 400 беттік романның негізгі  желісі муниципалитет басшысының кенет өлімімен басталып, одан ары сол орынға деген талас-тартыспен өрбиді.

Баспагерлердің айтуынша, Пэгфордтағы өмір алғашқыда көрінгеннен мүлдем басқаша болып шығатын көрінеді. Бір қарағанда міні жоқ ағылшындық кішкентай қаланың ішкі өмірі қарама-қайшылықтарға, бай мен кедей, балалар мен ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бітіспес қақтығыстарға толы.  

Кітап 2012 жылдың 27 қыркүйегінде жарыққа шығады деп күтілуде.

Роулингтің ең бірінші кітбы "Гарри Поттер және философиялық тас" 1997 жылы жарыққа шыққан. Соңғысы, яғни жетіншісі 2007 жылы оқырманға жол тартты. Барлық кітаптар әлемнің 74 тіліне аударылып, жалпы саны 450 миллион данамен тараған.