Гарвард кітапханасынан мұқабасы адам терісінен жасалған кітаптар табылды
Бұл туралы Day.az жазады. Ол кітаптар тізімінде француз философиясын оқыту, испан тіліндегі орта ғасырлардағы заңнамалар еңбектері және Рим поэзиясының жинағы бар. Ғалымдардың болжамынша, түптеулерді орта ғасырларда кеңінен қолданылған мәйіттердің терісінен зерттеуші анатомдар жасаған. Мұндай тәжірибе көбіне анатомия кітаптарының мұқабасын жасау үшін қолданылған. Оған адамдардың терілері тірідей сыпырылған болуы мүмкін деген де болжам бар.
Қосымша зерттеу жүргізу барысында, екі кітап қой терісі де қапталғандығы, ал үшіншісінің тек адам терісінен жасалғаны анықталған. Гарвард басшысы кітаптарды кітапханада қалдыруды жоспарлап отыр. Осы күні олармен гарвардтық студенттердің көбі танысқан. Университет кітапханасы директорының айтуынша, осыдан кейінгі зерттеу барысында одан да сорақы нұсқалар шығуы мүмкін.
Кітаптарды сақтау және сәндік үшін түптеу тәжірибесінің өзі біздің эрамыздың І-ІІ ғасырларында дами бастаған.