Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

АСТАНА. KAZINFORM – Гарвард университеті дүйсенбі күні АҚШ-тың федералдық сотына университет бағдарламаларына бөлінген 2 млрд доллардан астам үкіметтік қаржыландыруды тоқтатқан Трамп әкімшілігіне қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды ВВС.

Гарвард
Фото: harvard.edu

Өткен аптада Гарвард университеті Дональд Трамп әкімшілігінің DEI саясатымен (әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік) байланысты барлық бағдарламаларын тоқтату және кампус аумағында маска тағуға тыйым салу талаптарын қабылдаған жоқ.

Бұған жауап ретінде билік Гарвардқа федералды қаржыландыруды бұрын бөлінген 9 млрд доллардан 2,2 млрд долларға қысқартып, университетті салық жеңілдіктері мен шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігінен айырамыз деп қорқытты.

Дональд Трамп мерзімінің басынан бері оқу орындарында солшыл идеология және антисемитизммен белсенді күресіп келеді. Ол Газадағы қақтығыс басталғалы колледж кампустарында күшейген Израильге қарсы жаппай наразылықты осындай үрдістердің көрінісі деп санайды.

Осы сияқты талаптар бірқатар басқа университеттерге, соның ішінде Принстон мен Колумбияға да қойылды . Алайда әкімшіліктің әрекетіне сотқа бірінші болып шағымданған Гарвард болды.

Бұған дейін АҚШ Гарвард-қа бөлінетін 2,2 млрд доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Трамп Гарвардқа бөлген 1 млрд доллар қаржыны кері қайтармақ.

 

Соңғы жаңалықтар