Ғарыш аппараттарын құрастыру кешеніне қосымша 19 млрд. теңге бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақ жасау кешеніне алдағы 2 жылда қосымша 19 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельский мәлім етті.

«Кешен қазір салынуда. Оның басымдығы сол, біз мүлдем жаңа ғарыш аппараттарын, жерсеріктерін құрастырушысы атанатын боламыз», - деді ол.

Қазіргі уақытта сынақ жасау кешеніне жерсеріктерді монтаждауды аяқтау мақсатында бельгиялық, франциялық және англиялық құрал-жабдықтар әкелінді.

«Бюджетті нақтылау барысында 2016 жылы қосымша 2,6 млрд теңге бөлінді. 2017 жылы аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін тағы 16,3 млрд теңге қажет», - деді Щегельский.

Өз кезегінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президенті Марат Нұрғожин, ғарыш аппараттарын құрастыратын аталмыш кәсіпорын бүкіл ТМД-да баламасы жоқ бірегей жоба екендігін атап өтті. Оның құрылысы еуропалық стандарттар негізінде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар