Ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалануға жағдайлар жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжаттың мақсаты ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану, халықаралық нарықта экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін ғарыш қызметі мен технологияларын ендіру болып табылады.

«Заң жобасы елімізде жаңа технологиялардың дамуына септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстан заманауи ғарыштық инфрақұрылымын қалыптастырды, «ҚазСат» байланыс жүйесі іске қосылды, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі, дәлдігі жоғары спутниктік новигация жүйесі осы инфрақұрылымға кіреді. Бұлардың қолданудың алғашқы тәжірибесі көрсеткеніндей, осы инфрақұрылымның мүмкіндігін теңдей пайдалануға ғарыштық жүйе қызметінің заңнамалық деңгейде қамтылмауы қолбайлау болып отыр», - дейді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, заң жобасы арқылы Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жер үстін, ормандарды, су нысандары мен жер қойнауын мемлекеттік мониторингтеуді жүзеге асыру шаралары қамтылады.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға, ұлттық қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы бағытта Жер, Су, Экологиялық, Орман кодекстеріне, сонымен қатар, бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізіледі. «Заң жобасын қабылдау Қазақстан үшін ғарыш технологияларын толыққанды пайдалануға жағдай жасайды. Экономикамыздың, отандық өнімдеріміздің де бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деді Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар
telegram