«Ғарыш саласы көштен қалмайды» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 20 қыркүйек, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Ғарыш саласы көштен қалмайды» атты мақала жарияланды. Мақалаға кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көтерілген мәселелер арқау болған. Басылымның жазуынша, қа­зір «KazSat» спутниктік байла­ныс және тарату жүйесі жасалуда. Соның негізінде «KazSat-2» «KazSat-3» жобалары және ға­рыш­тық аппараттарды жерден бас­қару резервтік кешені жұмыс­тары жүзеге асырылуда. Үсті­міз­дегі жылдың 16 шілдесінде «KazSat-2» ғарыш аппараты «Бай­қоңыр» ғарыш айлағынан ұшы­рылса, оның жер орбитасындағы жағдайы қазан айының соңына дейін сыналып бітуі тиіс.

Сондай-ақ аталмыш басылым бүгінгі санында «Іс жанданып сенім нығаюда» деген тақырыппен мақала басты. Басылымның хабарлауынша, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Гүлша­ра Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шортанды, Бұлан­ды және Зеренді аудандарында болып, Елбасы Н.На­зар­баев­тың «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз!» атты биылғы Жолдауынан ту­ындайтын міндеттерді орындауға бағыт­тал­ған «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасының орындалу барысымен та­нысты. Осы сапар барысында көтерілген мәселелер туралы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болашақ жоспарлары жөнінде «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санынан білуге болады.

***

«Айқын» басылымының бүгінгі санында ҚР және бірқатар шетелдердің 13 мемлекеттік марапатының иегері, әйгілі дипломат Нәжімеден Есқалиевпен болған «Кеден одағының құрылуын құптаймын», - деген тақырыппен сұхбат жарияланды. Н.Есқалиевтің айтуынша, Кеден одағын құру құптаарлық іс. «Бұл экономикалық байланыстарды нығайтып, тауар айналымын жақсартады. Бірақ біздің тауар өндірісіміз әлі әлсіз... Қытай - алып көршіміз. Әрі оның экономикасы қарышты дамуда. Көрші болғасын аралас-құралас болған дұрыс, әрине. Алайда аталмыш мемлекет халқы өз аумағына сыймай тасып-төгіліп жатқан ел. Тура осы факторға аса сақтықпен қарамаса болмайды. Бұл елдің азаматтары өздері қоныстанып үлгерген басқа бір мемлекеттен оңайшылықпен кете қоймайды», - дейді. Дипломаттың Кедендік одақ пен қоғам өміріне қатысты ой-пікірлерін білгіңіз келсе, «Айқын» басылымының бүгінгі санын қараңыз.

Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, өткен жылы Үкімет Тараз қаласының Бас жоспарын бекітіп, осыған орай облыс орталығына көрші жатқан Байзақ, Жамбыл аудандарынан барлығы - 5954,0 гектар жер қосылды. Сөйтіп, өткен жылдың ақпан айында Үкіметтің «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» №113 Қаулысы шықты. Ал осы күні аталмыш қаулыға сәйкес, атқарылуы тиіс жұмыстар қалай жүзеге асырылуда. Бұл сауалдың жауабын «Айқын» басылымының бүгінгі санында жарияланған «Тараз енді тарылмайды» атты мақаладан білуге болады.

***

«Алаш айнасы» басылымы бүгінгі санында «Пайдасынан зияны көп дәрілерге шектеу бола ма?» деген мақала жариялап, үлкен мәселе көтеріпті. Басылымның хабарлауынша, еліміздегі фармокологиялық бақылау саласының мамандары жуырда 10 препаратты тексеруден өткізген. Жағдай жаға ұстатарлықтай. Сүзгіден өткен дәрілердің 20 пайызы жарамсыз болып шыққан. Ең қорқыныштысы, олардың нұсқаулығындағы дәрі туралы мәліметтер, құрамы сай келмейді. Нұсқаулық айдалаға лағып кеткен. Мамандардың тексеру қорытындысы мүлдем бөлек болып шыққан. Жыл басынан бері еліміз бойынша 20 адамның дәріден улану фактісі тіркелген.

Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, жуырда Қытай, Ресей Тәжікстан және Өзбекстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдері бірлескен түрде БҰҰ-ың Бас хатшысы Пан ГИ Мунға өтініш

хат жолдады. Әлемдік ұйымның 66-шы сессиясы барысында таныстырылатын хатта ақпарат саласындағы қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кодекс енгізуге өтініш айтылады. Төрт мемлекеттің өкілдері мұндай кодекстің өзіндік бір нұсқасын ұсынып та үлгерді.

Онда халықаралық нормалар мен ережелерге сүйене отырып, мемлекеттердің ақпарат саласындағы өзара қарым-қатынасы нақты көрсетілуі керектігі айтылады. Бұл мәселе жөнінде «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Жаңа әлемге ақпараттық шекара керек» атты мақаладан білуге болады.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, II халықаралық ғылыми конференцияда «Хан моласы» кесенесін зерттеу жұмыстарының нәтижелері жария етілді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ғылыми форум Мажарстан, ТМД және еліміздің 50-ден астам тарихшы, археолог, этнолог, өнертанушылар мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің бастарын қосты. Жиынның тақырыбы Еуразияның мәдениет тарихындағы «Арал-Каспий» өңірінің рөлі мәселесіне арналды. Ғалымдардың мәлімдеулерінше, Азия мен Еуропаның түйіскен тұсында Арал-Каспий өңірі үлкен рөл атқарды. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «Таят холмы загадки» атты мақаладан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар