Ғарыш саласын дамытудың қосымша бағдарламасын жасау қажет емес – Скляр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғарыш саласын дамытудың қосымша бағдарламасын жасау қажет емес. Бұл жайында Мәжіліс депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғарыш саласын дамытудың қосымша бағдарламасын жасау қажет емес – Скляр

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына (Үкіметтің 12.10.2021 жылғы № 727 қаулысы) сәйкес ғарыш саласы елдің ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары ретінде айқындалған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғарыш саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуде. Оны Үкімет 2023 жылғы 1 тоқсанда бекітетін болады»,- деді бірінші вице-премьер.

Сондай-ақ оның айтуынша, ведомствоаралық жұмыс тобы (ҰЭМ, ІІМ, АШМ, СІМ, ДСМ, Қаржымині, ИИДМ, ТЖМ, ЭМ, ЭГТРМ, ҰҚК) ғарыш саласындағы ұлттық мүдделерді қорғау жоспарын бекітті. Оның ішінде «Байқоңыр» кешенін дамыту және Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды көздейді Ғарыш саласын дамыту бойынша одан әрі жұмыс қолданыстағы және әзірленіп жатқан стратегиялық құжаттар аясында жүргізілетінін ескере отырып, қосымша ұлттық бағдарламаны бекіту мерзімінен бұрын деп есептейміз», - деді Роман Скляр.