Ғарыш стансасында ауа қысымы төмендеп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 30 тамызда Халықаралық ғарыш стансасының жағдайын қоғамдық бақылау құралдары орбитадағы стансаның ішінде ауа қысымының азайғанын тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыш стансасында ауа қысымы төмендеп кетті

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы, «Энергия» ЗҒК,  Машинаажсау орталық ғылыми-зерттеу институты мамандарынан оқыс жағдайды тексеру жөніндегі арнайы комиссия жасақталды.

Бұрын станса экипажы модульдердің барлығын тексеріп, «Союз МС-09» басқарылатын көлік кемесінің тұрмыстық бөлігінде ұсақ саңылауды анықтады. Қазір ақауды реттеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Экипаж өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатер жоқ, делінген хабарламада.

«Роскосмос» бас директоры Дмитрий Рогозин бүгін Twitter-дегі парақшасында ХҒС герметизациялаудың аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, он екі сағаттан кейін қайта тексеріледі.

Еске сала кетейік, Халықаралық ғарыш стансасында ресейлік ғарышкерлер Олег Артемьев, Сергей Прокопьевтен, америкалық Эндрю Фейстел, Ричард Арнольд, Серена Ауньон-Чэнселлор және неміс ғарышкері Александр Герсттен құралған екі экипаж бар.