Ғарыш туристерінің сапарлары 2009 жылы аяқталады

МӘСКЕУ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылы Халықаралық ғарыш стансасына соңғы ғарыш туристері барып қайтады. Экипаж саны алты адамға көбейтілуіне байланысты, ғарыш стансасы одан кейін «штаттан тыс қызметкерлерді» қабылдай алмайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-си телекомпаниясына сілтеме жасап. Microsoft компаниясында Word және Excell бағдарламаларын жасауға жетекшілік еткен Чарльз Симони 2009 жылы наурыз айында ғарышқа осымен екінші рет ұшқалы отыр. «Ресейғарыш» агенттігінің басшысы Анатолий Перминов «Российская газета» басылымына берген сұхбатында мәлім еткеніндей, бұл сапар «келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес» өтеді. Ал күзде халықаралық ғарыш стансасының негізгі құрамымен орбитаға қазақстандық ғарышкер ұшады. Оның сапары да коммерциялық негізде өтеді. Перминовтың түсіндіруінше, бұл туралы Қазақстан мен Ресей президенттері келісім жасаған. Бірақ осыдан кейін туристердің ғарышқа сапары аяқталады. «Халықаралық ғарыш стансасының экипажы алты адамға дейін көбейтілгелі отыр. Сондықтан да 2009 жылдан кейін стансаға туристік сапарлар ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ», деп түсіндірген Перминов.
Соңғы жаңалықтар