«Ғарышқа ұмтылған ауыл» атты кітап жарық көрді - Қызылорда

  ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қазан . ҚазАқпарат - Белгілі тележурналист Олег Ахметовтың «Ғарышқа ұмтылған ауыл» атты кітабы жарық көрді.
None
None

Қалың оқырманның назарына ұсынылып отырған бұл кітап ғарышқа жол Байқоңырдан от алған маңда өмір сүріп жатқан жергілікті халықтың хал-ахуалы жайында. Ойы орамды, тілі шұрайлы көркем тілмен жазылған әдеби еңбек Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көріп отыр. Байқоңыр жайындағы бұл еңбекті қазақ тіліне аударған - Оксана Лоскутова. Кітап өте жеңіл ұғынықты оқылады.

Автор Қызылорда облыстық және республикалық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке есімі жақсы таныс. Ол «Астана» телеарнасында таралатын  сан-салалы ғарыштың құпиясы жайындағы «Состояние невесомости» хабарының жүргізушісі. 2010 жылы «Самый близкий к космосу аул» атты кітабы орыс тілінде басылып шыққан.

 

Соңғы жаңалықтар