Ғарышқа жолдама Африка ауылынан шыққан азаматқа бұйырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жастағы оңтүстікафрикандық Мандла Масеко ғарышқа жолдама ұтып алды. «Акс Аполло» американдық ғарыш агенттігі ұйымдастырған байқауға миллионнан астам адам қатысты.
Үміткерлер күрделі физикалық жаттығулар жасап, ондаған тестен өткен.
Жеңімпаз - Мандла Масеко Африкадағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Ол инженер мамандығына оқыған, алайда қаржы мұқтаждығынан колледжді тастап кеткен. Соңғы кездері Преториядағы түнгі клубтардың бірінде диджей ретінде ақша тауып жүрген.
Енді бала кезгі арманы орындалатын болды: ол ғарышқа аттанатын бірінші қара нәсілді адам атанбақ. Мандла Масеко 2015 жылы ғарышқа аттанады. «Мен осы байқауға ауылымдағы жастарға күш беру үшін қатыстым. Мен Африканың барлық жастарын өзіне және өзінің арманына сену керектігіне көмектесемін деген сенімдемін», - дейді байқау жеңімпазы.